Жаңалықтар

Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы көтерілді

  • Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы көтерілді

    Қазақстанда студенттердің шәкіртақысы көтерілді

Үкімет қаулысымен мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшерлеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің 2021 жылғы 3 қыркүйектегі қаулысымен білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларына және олардың мөлшеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 
Бірінші академиялық кезеңге стипендия мемлекеттік тапсырыс бойынша бірінші курсқа (бірінші оқу жылына) қабылданған барлық студент пен магистрантқа тағайындалады және 1 қыркүйектен бастап бірінші академиялық кезең мен каникул аяқталғанға дейін ай сайын төленеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға төленетін ай сайынғы стипендияның мөлшері:

даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында оқитын студенттерге – 31 423 теңге;
жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында оқитын студенттерге – 50 400 теңге;
жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша оқитын студенттерге – 50 400 теңге;
интерндерге – 59 289 теңге;
магистранттарға – 76 950 теңге;
"Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттарға – 143 750 теңге;
докторанттарға – 172 500 теңге;
даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға – 172 500 теңге;
даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша дәрігер-резиденттерге және магистранттарға – 88 494 теңге;
мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық еңбекақысының, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендиядан төмен емес деңгейде;
техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 21 787 теңге;
техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім ұйымдарында оқитын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 20 948 теңге мөлшерінде белгіленеді.
"Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" заңға сәйкес, экологиялық апат аймағында тұратын білім алушыларға стипендия төлеу экологиялық жағынан қолайсыз жағдайда тұрғаны үшін коэффициент қолданыла отырып белгіленеді.

Қаулы бірқатар норманы қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 22:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31