Жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір университеттің лицензиясы тоқтатылды

  • Қазақстанда тағы бір университеттің лицензиясы тоқтатылды

    Қазақстанда тағы бір университеттің лицензиясы тоқтатылды

ҚР білім және ғылым министрлігі шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының күшін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің білім сапасына қатысты шағым келіп түсті. Осыған байланысты жоғары оқу орнында жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Оқу процесінің ұйымдастырылуын бақылау қорытындысы бойынша университет лицензиясын заң бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылданды

 
Жүргізілген бақылау барысында Шет тілдер және іскерлік карьера университеті студенттерінің білімі тексерілді. Білім алушылардың 97%-ы шекті балды еңсере алмады.

"Жоспардан тыс тексеру барысында ЖОО-да сабақтар кесте бойынша өткізілмейтіні анықталды. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нәтижелері ЖОО-дағы білім беру сапасының төмен деңгейін көрсетті. Одан бөлек, оқу орны кадрлар даярлау бойынша жұмыс берушілермен белсенді жұмыс істемейтіні де байқалды. Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде академиялық адалдық қағидаттары да сақталмайды. Мәселен, ШТІКУ студенттерінің курстық жұмыстары өзге адамның еңбегін көшіріп алуды тексеру жүйесінен өтпейді, ал дипломдық жұмыстар бойынша академиялық қағидалар бұзылғаны анықталса да қорғауға жіберілген жағдайлар тіркелді. Жалпы, университет білім беру саласындағы заңнаманы өрескел бұзуға жол берген", – деді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Заңнамаға сәйкес ЖОО лицензиясының күші тоқтатылған жағдайда, студенттер оқу орнында анықталған бұзушылықтардың жойылуын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.




Көрілген: 535    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.05.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30