Жаңалықтар

Қазақстандық ата-аналар 5-сынып оқушылары оқулығында хадис жүргеніне наразы болды

  • Қазақстандық ата-аналар 5-сынып оқушылары оқулығында хадис жүргеніне наразы болды

    Қазақстандық ата-аналар 5-сынып оқушылары оқулығында хадис жүргеніне наразы болды

Бесінші сынып оқушыларының ата-аналары орыс мектептеріне арналған “Қазақ тілі” оқулығынан хадис пен діни сөздерді байқап қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

"Көкжиек-Горизонт" баспасының оқу құралында қомағайлық туралы хадистен алынған дәйексөз келтіріледі, ал мәтіндердің бірінде "Бисмилла" деген сөз қолданылады. Ғылыми-практикалық орталықта бұған түсініктеме берілді.

 
Республикалық білім беру мазмұнын сараптау ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрлановтың айтуынша, мектеп оқушыларына діни мазмұндағы ақпаратты ақырындап ұсына беру керек.

“Этимологиялық тұрғыдан бұл "мейірімді Алланың атымен" дегенді білдіреді. Сонымен бірге, бұл қысқа форма бізге әлдебір істі бастағанда қажет. Яғни, іс жүзінде бұл "Құдай қолдасын" дегенді білдіреді.  "Бисмиллә" –  бұл ана сияқты, әке сияқты”, – дейді шенеунік.


 Философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаев кейбір имамдар хадистерді дұрыс түсінбейді дейді.
“Барлық хадистерді тек діни тұрғыдан қарастырмау қажет. Бұл хадис дұрыс тамақтану туралы. Оның дінге қатысы жоқ. Мүмкін оны бәрі біле бермейтін шығар, бірақ мамандар оны түсіндіре алады”, – дейді ол.




Көрілген: 385    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 13:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31