Жаңалықтар

Қазақстандық дипломдар шетелде жарамсыз: Ақпаратқа білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді

  • Қазақстандық дипломдар шетелде жарамсыз: Ақпаратқа білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді

    Қазақстандық дипломдар шетелде жарамсыз: Ақпаратқа білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді

Қазақстандықтар Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдары жарамсыз деген хабарламаны белсенді таратуда. Хабарлама авторы ұлының қазақстандық дипломның кесірінен шетелде жұмысқа тұра алмағанын айтты. Бұл ақпаратты білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы қазақстандық дипломның Ресей елінде жарамсыз екенін айтып, ұлының жұмысқа орналаса алмай жүргенін алға тартты. Бұған қатысты Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді. 

 
“Қазақстандық жоғары оқу орындарының мемлекеттік және меншікті үлгідегі дипломдары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Өзіндік үлгідегі дипломдар отандық жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті, сәйкесінше білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді”, – деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Сондай-ақ министрлік Қазақстан да, Ресей де жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тануды көздейтін Лиссабон конвенциясына қол қойған елдер екенін атап өтті.

 Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында Еуропалық білім кеңістігінің толыққанды қатысушысы болған және Болон декларациясына мүшелікке кірген алғашқы ел. Қазақстанда берілетін дипломдар Еуропаның біліктілік шеңберінің деңгейлерімен салыстырылады.




Көрілген: 1458    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.11.2021, 01:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31