Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандық жоғары оқу орындарының рейтингі анықталды

31 желтоқсан 2022, 16:28

Бесінші жыл қатарынан  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Министрлікпен бірлесіп қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҒжЖБ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейтинг 19 критерий бойынша өткізілді, олардың ішінде негізгілері: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа жалақы, білім беру бағдарламасын аккредиттеу, оқытушылардың сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

 

Өткен жылдармен салыстырғанда жұмысқа орналасудың орташа пайызы 1,8% -ға артық, мысалы, 2020 жылы жұмысқа орналасу деңгейі 71%, 2021 жылы 77,7%, ал 2022 жылы 79,5% құрады.

 

Ең үлкен қызығушылықты - бірінші жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі түлектердің алғашқы жалақысы критерийі көрсетті. 2021 жылғы түлектердің орташа жалақысы - 155 621 теңгені құрады және өткен жылғы рейтингтегі түлектердің орташа жалақысынан 41 554 теңгеге артық (2020 жылғы түлектердің орташа жалақысы - 114 067 теңге құрады).