Жаңалықтар

Қазақстандық мұғалімдер арнайы курстан өтеді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан мұғалімдері қашықтан оқыту технологияларын меңгереді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

 

Министрдің айтуынша, компьютерді қосып, "Күнделік" толтыру, Zoom-ға шығу жеткіліксіз. Мұғалімдер оқушылар мен студенттерді қашықтан қалай оқыту керек екенін білуі керек. Сондықтан олар біліктілікті арттыру курсынан өтеді.

 

"Біз ІТ саласы, оқыту әдістемесі, қашықтан оқыту жүйесі арқылы қалай жұмыс істеу, тапсырманы қалай беру керек – осылар туралы айтып отырмыз. Мұның бәрі арнайы курста қамтылған. Әріптестеріміз біліктілікті арттыру аясында осыларды меңгереді", - деді Аймағамбетов Zoom платформасында өткен брифингте.

 

Бұл өзгерістер университетке енді түсетін болашақ педагогтерге де қатысты.

 

"Жоғары оқу орындарында да қашықтан оқыту бойынша міндетті модуль енгіземіз. Ректорларға бұл жөнінде айттық. Болашақ мұғалімдер де университет қабырғасында осы технологияларды, әдістемелерді меңгеруі тиіс", -деді министр.

 

Десе де, мұның бәрі Қазақстан толығымен қашықтан оқыту форматына көшеді дегенді білдірмейді.

 

Министр балаларды мектептерде оқыту сол күйі қалатынын атап өтті. Бірақ, қашықтан оқыту форматын да дамыту қажет.

 

 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 18:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30