Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы әлемдегі жиырма оқу орнынан шақырту алған

  • Қазақстандық оқушы әлемдегі жиырма оқу орнынан шақырту алған

    Қазақстандық оқушы әлемдегі жиырма оқу орнынан шақырту алған

Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Сымбат Көшерова әлемнің жиырма жоғарғы оқу орнынан білім алуға шақырту алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Информбюроға» сілтеме жасап.


Терең білімі мен Халықаралық олимпиядалардағы жеңісі оған осындай ғажап мүмкіндікті тарту етті. Осы уақытқа дейін білімін жетілдіріп, қатарластарынан оқ бойы озық тұрған ару бүгінде таңдау жасауға асығып жүр.


Сымбатты оқуға шақырғандардың қатарында АҚШ, Корея, Швейцария, Франция мен Канада секілді ірі елдердің беделді оқу орындары бар. Бағы жанып, ата-анасы мен туыстарын қуантқан оқушы Бостон қаласындағы бизнес мектебін таңдапты.


«SAT тестілеуінен 1600 балдан 1580 бал жинадым. IELTS тестілеуінен 7,5 ұпайым бар. 9-сыныпта мектептің атынан Бостон қаласына бір ай бойы оқуға мүмкіндік алғанмын», - дейді Сымбат Көшерова. 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.05.2019, 19:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30