Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы медициналық маскаларды залалсыздандыратын құрылғы ойлап тапты

  • Қазақстандық оқушы медициналық маскаларды залалсыздандыратын құрылғы ойлап тапты

    Қазақстандық оқушы медициналық маскаларды залалсыздандыратын құрылғы ойлап тапты

Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS Халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы Әмина Айтқазыева медициналық маскаларды залалсыздандыруға арналған құрылғыны ойлап тапты. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне баяндап берді.

Пандемия өмірімізге енгелі бері маска тағу әрбір қоғам мүшесіне міндеттелгені белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, масканы әрбір екі сағат сайын ауыстырып отыруымыз қажет. Бірақ бұл талапты барлық адамның орындауға мүмкіндігі бар деп айта алмаймыз. Шындығында, көпшілігі бір күнге бір маска тағатыны анық.

 
"Қарапайым бір адам күніне қанша маска ауыстырады?" деген сауалға жауап іздеген дарынды оқушы Әмина да сауалнама арқылы бұған көз жеткізіпті. Осыдан кейін барып,  маскаларды залалсыздандырып, қайта тағуға мүмкіндік беретін құрал ойлап табуды жөн деп шешіпті.

Кез келген жұмыс орнында, ойын-сауықтыру орталықтарында, мектептер мен мемлекеттік мекемелерде қолдануға болатын құралдың жұмыс істеу принципі ультракүлгін сәулелермен тығыз байланысты. Оқушы бұны жапониялық ғалымдардың зерттеуімен байланыстырады  ̶ 222 нм толқынды ультракүлгін сәуле 6 секундта коронавирус жасушаларының ДНҚ-сының 99,7%-ын өлтіреді. 

“Ультракүлгін сәулеленудің аз мөлшері адам денсаулығына зиянын тигізбесе де, мен өз құралымда ультракүлгін сәулеленуді сыртқы ортаға шығармауды қарастырдым. Ол үшін сәулеленуді сыртқа шығармайтын поликарбонат материалды қолдануды дұрыс деп таптым”,   ̶  дейді ол.

Жас өнертапқыштың айтуынша, құрылғыны жасауға шамамен 7000 теңгедей шығын кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңге есептесек, бұл үлкен бір отбасы немесе ұжым үшін айтарлықтай қаржылай үнем болары анық.

Еске салсақ, бұған дейін елордалық оқушы малдың жаппай қырылу мәселесінің тың шешімін ұсынған еді. 

Stan.kz




Көрілген: 668    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31