Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Балқан Олимпиадасында бес медальға ие болды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 

Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты.

 

Жеңімпаздардың қатарында күміс медаль иегері Таир Сатубалдин, қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов.

 

Құрмет грамотасымен Сам Фетуллах марапатталды.

 

«Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі тиіс болды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті», — деп атап өтті «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

 

Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.

 

 

 ҚазАқпарат




Көрілген: 564    Пікірлер: 0

сенбі, 11.09.2021, 19:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31