Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар физикадан Азия олимпиадасында 1 «алтын», 3 «қола» иеленді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Физика пәні бойынша өткен Азия олимпиадасында қазақстандық оқушылар бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Зияткерлік жарысқа әлемнің 23 елінен командалар қатысты.

 

Еліміздің атынан білім сайысына Нұр-Сұлтан, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінен 8 оқушы түсті.

 

Олардың барлығын тәжірибелі педагогтер дайындады. Енді олар басқа да жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Қазақстандық жеткіншектерді алда жаңа халықаралық байқаулар күтіп тұр.

 

Азия олимпиадасына қатысушыларды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-парақшасында құттықтады.

 

Министр оқушыларға жаңа биіктерді бағындыру жолында сәттілік тіледі.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер: Дінмұхаммед Рахимжанов, Рауан Қалдыбаев, Антон Драганчук, Даниил Шатохин, Владимир Лим, Жалғас Сайлаубай.

 

 




Көрілген: 339    Пікірлер: 0

жұма, 28.05.2021, 08:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31