Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар қашан мектепке барып оқиды: Министрлік жауап берді

  • Қазақстандық оқушылар қашан мектепке барып оқиды: Министрлік жауап берді

    Қазақстандық оқушылар қашан мектепке барып оқиды: Министрлік жауап берді

Ата-аналар оқушыларды дәстүрлі оқу жүйесіне қайтару туралы петиция жазған болатын. Білім және ғылым министрлігі мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, осыға дейін ата-аналар оқушыларды дәстүрлі оқуға қайтару бастамасын көтеріп, президент пен білім және ғылым министріне петиция жазған еді.

"Біз, қазақстандық балалардың ата-аналары, оқушылардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында көрсетілген орта білім алу құқығы толық көлемде - кәсіби мұғалімдердің тікелей қатысуымен барлық пәндер бойынша қамтамасыз етілуін талап етеміз. Мектептегі білім күндіз әрі оқу орнында болуы керек. Оны цифрлық суррогат алмастырмауы керек. Цифрлық технологияларды тек қосымша әдістер ретінде, ережелермен бекітілген қатаң шектеулі көлемде және тек ерікті негізде пайдалануға болады", - делінген петицияда.

Атырау облысында оқушылар үй тапсырмасын орындау үшін шатырға шығуға мәжбүр

Алматы облысында оқушылар дәретханада, ал ШҚО-да тауда оқып жатыр
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек бұл петицияға қатысты пікір білдірді.

"Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша мектептерде оқи алады. Сондай-ақ, 3 мыңға жуық шағын жинақты мектеп оқушылары дәстүрлі форматта оқып жатыр. Қалған мектеп оқушылары үшін санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге болатынын хабарлағаннан кейін ғана, біз бұл процесті бастай аламыз. Бас санитар дәрігердің шешімі шықса ғана әр мектептің әкімшілігі тиісті кесте жасайды және біз балалар мен ата-аналарға тиісті ақпаратты жеткізе аламыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін вице-министр сабақ кезінде көрсетілген порно роликтерге қатысты түсініктеме берді.  




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31