Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

  • Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

    Қазақстандық оқушылар үшін III тоқсаннан бастап не өзгереді

1 қаңтардан бастап Қазақстанда 9,11,12 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшеді. Жоғары сыныптар пәндердің 70%-ін мектепте, қалған 30%-ін қашықтан оқиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

 
Айта кетсек, үшінші тоқсан 2021 жылдың 11 қаңтарында басталып, 19 наурызда аяқталады.

Ата-аналардың пікірін ескеріп, жаңа жылдан кейін 9,11,12 сынып оқушыларына мектепке оралуға рұқсат етілді.

"Мен мұны өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға қатысты. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70%-ін дәстүрлі режимде және қалған 30%-ін қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы", - деген еді білім министрі Асхат Аймағамбетов.
ҰБТ мен қорытынды аттестацияға кіретін пәндер мектепте оқытылады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы елордада аралас оқу форматы қалай жүзеге асатынын түсіндірген болатын.

Оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндері кірген.

Қалған 30 пайызы, яғни информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері қашықтан оқытылады.

 
Мектептерде сабақ арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта белгіленеді. Сабақ ұзақтығы 30 минуттан аспайды. Үзіліс &ndash 5 минут.

Сонымен қатар, Жаңа жылдан кейін мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, үшінші тоқсаннан бастап 300 оқушыға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балаларды дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі. Бірақ ол жердегі балалар саны 15 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, колледждер мен университеттердің 1-курс студенттері де II семестрден аралас оқу форматына көшеді.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/




Көрілген: 1336    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.01.2021, 13:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30