Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер Гарвард университетінің профессоры В.Вадхваның дәрісіне қатыса алады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Бұл туралы «Болашақ бүгіннің өзінде» тақырыбында өткен Нобель фестивалінде мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Білім және ғылым форумына Орталық Азия мен Кавказ елдерінің іргелі оқу орындары мен ғылыми орталықтары атсалысты. 4 күнге ұласқан Нобель фестивалі 4 түрлі тақырыпты қамтыды. Олар инновация, жасыл экономика, әлеуметтік экономика және болашақ мамандықтар.

 

Нұр-Сұлтан, Ташкент және Бакуде ұйымдастырылған үш студия әлемнің азулы ғалымдары мен Нобель сыйлығы иегерлерімен тікелей байланыс ұйымдастырды.

 

Төрт күндік фестивальдің басты жетістігі – оның халықаралық білім платформасына айналуы.  

 

Мақсат Курбенов, инклюзивті даму қорының директоры:

 

– Тұңғыш рет Орталық Азия, Кавказ елдері университеттерінде Гарвардтың профессоры дәріс береді. Ол әлемнің 40 үздік инноваторлары тізіміне енген жаһанның 100 ойшылының бірі, профессор Вивек Ватхва.

 

Инновациялық идеяларын бизнес көзіне айналдырған ғалымнан тәлім алудың өзі үлкен жетістік. Мамандардың айтуынша, бұл жас ғалымдарға ауадай қажет дағды.

 

Арын Өрсариев, «Ғылым қоры» АҚ төрағасы:

 

– Кәсіпкерлікті дамыту аса қажет. Бұл дағдыларды ғылым мен білім саласында қолдануды үйренуіміз керек. Бүгінгі сессияда қазақстандық ғалымдардың мысалын негізге ала отыра, жеке бизнесті қалай құруға болатынын айттым. Елдің оңтүстігі, шығысы, солтүстігі мен батысында мұндай мысалдар жетерлік. Ғылыми өнертабысын саудалауды үйрену – міне біз осыған ұмтылуымыз керек.

 

Бүгінде елімізде 22 мың ғалымның тек 65-і ғана патенттеген өнімінен пайда көріп отыр. Соның өзінде соңғы 5 жылда ғалымдарымыз ел экономикасына 42 млрд қаржы тартқан.

 

Фестиваль ұйымдастырушылары алдағы уақытта қазақстандық жас ғалымдар қоғамның дамуына тың серпін беретін идеялар ұсынып, Нобель сыйлығының лауреаты атанса деген үмітте.

 

 

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

сенбі, 30.10.2021, 17:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31