Жаңалықтар

Қазақстанның білім беру платформалары белгісіз біреулердің DDoS-шабуылына ұшырады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанның білім беру платформалары саналатын kundelik.kz пен bilimland.kz бағдарламаларына мақсатты түрде DDoS-шабуылдар жасалды.

 

Бұл шабуылдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК KZ-CERT компьютерлік оқиғаларға жауап беру қызметі тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «МТҚ» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Талдау жұмыстары барысында DDoS-шабуылдар көптеген IP-адрестер арқылы көбінесе шетелдік интернет сегменттер тарапынан жасалғаны анықталып отыр. Қазіргі уақытта «МТҚ» РМК тарапында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешендердің көмегімен DDoS-шабуылдар тоқтатылды.

 

Ведомствоның хабарлауынша, тіркелген шабуылдар білім беру интернет-ресурстарының қызметінің тоқтата алмаған.

 

«Кundelik.kz интернет-ресурсына шабуыл жасалғаннан кейін 8 минут өткен соң bilimland.kz білім беру порталына да шабуыл жасалды. KZ-CERT қызметінің сарапшылары шабуылдардың бір-бірімен байланысты және бұл шабуылдардың қашықтан оқыту барысында жоғарыда аталған білім беру порталдарының жұмысын бұзуға бағытталған деген шешімге келді», - деп хабарлайды KZ-CERT қызметі.

 

Айта кетсек, бұған дейін Bilim Media Group өзінің интернет-ресурсына бағытталған DDoS-шабуылдардың көбейгенін хабарлаған болатын.

 




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 14:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30