Жаңалықтар

Қазақстанның екі облысында ҰБТ өтпей қалды

  • Қазақстанның екі облысында ҰБТ өтпей қалды

    Қазақстанның екі облысында ҰБТ өтпей қалды

Дидарбекованың айтуынша, талапкерлер 27 маусым мен 2 шілде күні білім грантын тағайындау конкурсына қатысады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күні Түркістан облысындағы Шәуілдір мен Жетісай қаласының, Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылының түлектері үшін емтихан кейінге қалдырылды.

"Ұялы байланыс сигналын өшіретін қондырғылардың істен шығып, бейнебайланыстағы техникалық ақауға орай, Түркістан облысындағы Шәуілдір мен Жетісай қаласының және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылының түлектері үшін емтихан кейінге қалдырылды", - делінген білім министрлігінің хабарламасында.
Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова аталған елді мекендердегі талапкерлер 27 маусым мен 2 шілдеде білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық біріңғай тест 20 маусымда басталды. Елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты биыл мемлекеттік емтихандар алынып, талапкерлерге тест тапсыру кезінде калькулятор қолдануға рұқсат етілді және тестілеу уақыты 10 минутқа ұзартылды.

Емтиханның төртінші күнінде 136 адам ереже бұзғаны анықталды. 9 түлектің температурасы көтерілгендіктен, олар басқа күні тест тапсырады. 




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30