Жаңалықтар

Қазақтың білімін ресейліктерге тексертетіндей не күн туды?

  • © Алтайньюс

    © Алтайньюс

Өскемен мен Риддердің еңбектеген баласы да, еңкейген қарты да өз сауаттылықтарын орыс тілінде тексерді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Айта кетейік, әлемдік жаппай диктант деп аталатын бұл сынақты Ресей ұйымдастырады. Қатысушылар орыс жазушыларының шығармаларынан үзінді жазады. Биыл сынаққа Павел Басинский атты жазушының туындысы таңдалды. Диктантқа 81 мемлекет қатысыпты.


Иә, оның ішінде Қазақстанның 16 қаласы бар. ШҚО-ның екі шаһарынан 9 бен 78 жас аралығындағы 174 адам бақ сынап көрді.


Ұйымдастырушылар сөзінше, мақсат қала мен қаланың, ел мен елдің мықтысын анықтау емес екен.


– Қалалар мен елдердің қайсысы сауатты екенін анықтау емес біздің мақсат. Әр адам өз сауаттылығын тексеріп көрсін дейміз. ШҚО қатысушыларының 30-ы диктантты өте жақсы жазып шықты, – деді Ольга Ребковец.


– Жаппай диктант – экзамен емес. Кім «5», кім «2» алғанын да анықтамаймыз. Мақсат – адамдардың сауатты жазуға деген құлшынысын ояту, – дейді ұйымдастырушылардың бірі Қарлығаш Шаяхмет.


Жүлдегерлер ЛитРес компаниясы мен Қазақстандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы ұсынған сөздік кітаптар мен өзге де бағалы сыйлықтарға ие болды.


 




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 18:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31