Жаңалықтар

ҚазҰУ-де бірінші курс студенттерін ұрып-соққан: 10 адам оқудан шығарылды

  • Көрнекі фото:  https://time.kz/

    Көрнекі фото: https://time.kz/

Алматыда бірінші курста оқитындарды ұрып-соққаны үшін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситетінің филология факультетінде оқитын екінші курс студенттері оқудан шығарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

ЖОО баспасөз қызметінің өкілдері оқиғаның жатақханада болғанын айтқан.

 

"Біз екінші курс студенттерін оқудан шығардық, олар жатақханада "тәрбие жұмыстарын" жүргізген. Олар бірінші курс студенттерін бөлмеге кіргізіп, ұрып соққан. Осы оқиға түнгі үш шамасында болған. Осындай дерек анықталды, видеосы да бар. Онда балалардың бөлмеден ақсаңдап шыққаны көрінеді. Келесі күні медициналық бақылау кезінде олардың дене жарақаттарын алғаны анықталды. Тәртіптік комиссия ұрып-соққан студенттерді оқудан шығару туралы шешім шығарды. Енді оқудан шығарылғандар БАҚ-қа жүгініп, осы оқиға туралы жазуын сұрап жатыр", - деді ЖОО өкілдері.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 

Білім беру мекемесінің өкілдері оқудан шығарылғандардың көбі мемлекеттік грант бойынша оқыған екен, сол себепті олар "қоғамның назар аударуын" талап етіп жатыр екен. Айта кетейік, 10 ақпанда бірнеше адам ҚазҰУ алдында жиналып, наразылық білдірген.

 

"Оқудан шығарылған студенттермен бірге оқитындар келген, "біз қарсымыз, біз қарсымыз", - деп айғайлап жатыр. Олар мән-жайды білмейді де. Бізде осы жанжалға қатысы бар студенттердің жауабы бар. Кейбір оқудан шығарылған студенттердің өзі мойындады", - деді ҚазҰУ өкілі.

 

Зардап шеккен студенттер полицияға арыз жазбаған.

 

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 217    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 18:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30