Жаңалықтар

ҚазҰУ-дегі жер дауы: Жер учаскесінің азаю фактісі расталды

  • ҚазҰУ-дегі жер дауы: Жер учаскесінің азаю фактісі расталды

    ҚазҰУ-дегі жер дауы: Жер учаскесінің азаю фактісі расталды

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жер учаскесінің азайғаны расталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жер телімін түзетуге қатысты пост жариялағаннан кейін, тез арада министрліктің жұмыс тобы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, баяндалған барлық фактілерді тексеруді бастады. Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша ҚазҰУ жер учаскесінің 0,779 гектарға азаю фактісі расталды", - деді Аймағанбетов Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру барысында. 
Министрдің айтуынша, аталған жер учаскесіне қатысты кешенді тексеру жұмыстары жоспарлануда. 

"Дегенмен бұл айда республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚазҰУ-ға аудит бастауына байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексеріс жүргізу мүмкін емес", - деді ол. 

Еске сала кетсек, ҚазҰУ-нің жері сатылып жатыр деген мәселені қоғам белсенділер көтерген болатын. 

Сондай-ақ, аталған мәселеге қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев та түсініктеме берген болатын. 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31