Жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары тиімділігі жоғары антисептик жасап шығарды

  • ҚазҰУ ғалымдары тиімділігі жоғары антисептик жасап шығарды

    ҚазҰУ ғалымдары тиімділігі жоғары антисептик жасап шығарды

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары медициналық практикада және коронавирустың алдын алуда қолданылатын антисептик жасап шығарды.
ҚазҰУ-дың "Жаңа химиялық технологиялар және материалдар" ҒЗИ ғалымдары Сайтама университетіндегі жапондық әріптестерімен бірлесе отырып жаңа тиімді дезинфекциялық құралдар мен тері антисептиктерін жасау технологиясын әзірледі. Еліміздің медициналық мекемелерінде жүргізілген алдын-ала сынақтар бұл құрамдардың тиімділігі жоғары екенін көрсетіп, оң пікірге ие болды.
Бірлескен жұмыс барысында хирургтар мен медициналық қызметкерлердің қолдарын, сондай-ақ операциялық және инъекциялық алаңды өңдеуге арналған тері антисептигі әзірленді. Оның тиімділігі М. Айқымбаев атындағы Ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының аккредиттелген зертханасының қорытындысымен расталды, - делінген хабарламада.

Бүгінде ҚазҰУ ғалымдары Қазақстанда өсетін өсімдік экстрактілерін дезинфекциялау құралдары мен тері антисептиктерінің құрамында пайдалану бойынша зерттеулер жүргізуде. Химиялық компоненттерді өсімдік сығындыларына ішінара ауыстыру тиімді және қолдануға ыңғайлы жаңа препараттарды шығаруға мүмкіндік береді.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 482    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 12:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30