ҚазҰУ Хабаршысы; Филология сериясы

ҚазҰУ Хабаршысы; Филология сериясы

Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің ''Хабаршы'' журналы 1992 жылдан бері тынбай еңбектену нәтижесінде  ғылыми зерттеушілерімізге жетістіктерін жариялауға әлі күнге дейін тамаша мүмкіндік болып келеді. Журналдың мақсаты-қазіргі заманғы филология ғылымымен байланысты кең ауқымды мәселелерді ғылыми және кәсіби денгейде талқылауға ашық алаң болуда.   

Журналда гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми және қолданбалы қызмет нәтижелері, озық гуманитарлық технологиялар мен ғылым мен білім беру қызметінің жетістіктерін талдау, өңірлік және шетелдік инновациялық білім беру жүйелерін, қазақстандық білім беруді жаңғырту процестерін интеграциялау тәжірибесін тарату сынды бірегей мақалалар орналастырылады.

Журналдың негізгі бағыттарына келер болсақ:  жалпы және қолданбалы лингвистика, лингвистикалық интегративті бағыттары, тіл білімінің қазіргі бағыттарының ғылыми мәселелері, әлем тілдері,  аударма теориясы мен практикасы; әдебиет теориясы, тарихы және әдебиеттанудың жалпы мәселелері;  текстология, көркем әдебиет мәтіндері әдеби сынның объектісі ретінде, сондай-ақ олардың сыни және шолу;  шет тілдерін оқытудың инновациялық әдістері; оқыту технологиялары мен оқу жабдықтары; мәдениетаралық байланыс және т.б қамтылған. Журнал мақалалары CrossRef ДБ-(data base) – дерек қорларында тіркеледі және әр авторлық мақалаға объектінің DOI – сандық сәйкестендіргіші міндетті түрде беріледі. Журналды "мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (ҰМҒТСО) қазақстандық дәйексөз алу базасы (КазБЦ) индекстейді. Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бірлесе қызмет атқарады. 

Журнал жылына 4- мәрте жарық көреді. Мақаланы жариялау үшін орыс, қазақ немесе ағылшын тілінде журналдың серия/профиліне сәйкес, бұрын соңды автормен (авторлармен) жарияланбаған материал қабылданады.

Ал қабылдауға байланысты бірқатар жұмыстар электронды жүйеге көшкен.  Автор ретінде https://philart.kaznu.kz/ сайтына тіркелген соң ғылыми жұмысыңызды электронды үлгіде рәсімдеуге жібере аласыз.  Мақалаға ғылыми тұрғыдан пікір білдіруші рецензент сізге редакция алқасынан тандалады.  Материал жіберуді жоспарлап отырған авторлар үшін сайттағы мақалаға қойылатын талаптарды мұқият оқып шығу керек. Сонымен қатар ORCID (Open Researcher and Contributor ID) – ғалымдардың сәйкестендіргіш идентификатор болу керек. Онда ORCID есептік жазбасында ғалымның аты, оның электрондық мекен-жайы, ұйымның атауы және оның зерттеу қызметі туралы ақпарат болу керек.  Сөз соңында  Хабаршының әлі де биік денгейге жетуіне авторлары яғни ғылыми еңбек иелері сіздер екенін тағы бір айтқымыз келеді. Жақсылықты бөліссең көбейеді демекші, еңбегіңіз нәтижесін Хабаршы-мен бөлісіп ғылым білімге деген жас ғалымдар көп болғай!

А. Төнкер, Әл-Фараби ат ҚазҰУ оқытушысы,

Хабаршы журналының  техникалық хатшысы;

Айтжанова Гүлнара Досхожақызы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,

шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті м.а,

филология ғылымдарының кандидаты.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста