Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ҚазҰУ ректоры жұмыстан қуылғаны рас па: Университет өкілі пікір білдіруден бас тартты

05 ақпан 2021, 18:02

Әлеуметтік желілерде еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры ауысқаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Stan.kz тілшісі таралған ақпаратқа байланысты университеттің баспасөз қызметімен байланысты.

Ресми емес дереккөздерге сүйенсек, ҚазҰУ-дың қазіргі ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың орнына келген жаңа ректор бұрынғы білім министрі Жансейт Түймебаев. 
Осыған байланысты Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі университет баспасөз қызметімен байланысты. Алайда университет өкілі бұл ақпаратқа қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. 

Еске салсақ, жақында ғана Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі жердің бірнеше бөлігі жеке меншікке өтіп кеткені жайлы шу шығып еді. Бұған қатысты университет өкілдері де үнсіз қалмай, таралған ақпаратты жоққа шығарды.