Жаңалықтар

Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

  • Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

    Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап еліміздің мектептерінде "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі. 

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтып берді. "2021 жылдан бастап "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан бастап енетін болады. Балалар мектепте оқығанда алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, кодтау тілін үйренбек. Робототехника негіздерін меңгереді", - деді ол. Сондай-ақ, білім және ғылым министрінің сөзінше, оқушылар iOS, Android операциялық жүйелерін үйренеді. Ол үшін облыс орталықтарында жаңа 25 арнаулы ІТ лицей ашылған. Одан бөлек, еліміз бойынша 447 STEM зертханасы мен екі мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды. Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті жұмыс істейді. "Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз деп есептейміз. Осыған байланысты, арнаулы программалау мектептерін әр облыста ашуды әкімдіктерге тапсыруды сұраймын", - деді Аймағамбетов. Еске сала кетсек, осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту жұмыстары туралы айтып берді.

Sputnik Қазақстан 




Көрілген: 1200    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.06.2020, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30