Жаңалықтар

Көкшетауда бір мектептің 80 оқушысы белгісіз инфекция жұқтырған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова Көкшетауда 80 оқушының «инфекция жұқтыруына» қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 Ведомствоның мәліметінше, аталмыш жағдай 7 қараша күні Көкшетау қалалық №2 орта мектеп лицейінде тіркелген.


«2019 жылғы 7 қарашада Көкшетау қалалық №2 орта мектеп лицейінің 80 оқушысы бас ауруы және жүрек айнуы шағымымен сабаққа келмегені туралы ақпарат түсті. Мектепте барлығы 2 174 оқушы оқиды. Көкшетау қалалық білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, ауруханаға тек бір оқушы жүгінген, дәрігерлер «Энтеровирусты инфекция» диагнозын қойған. Аталған дерек бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметі мектептің 2-ші ауысым оқушыларын тексеріп, мектеп асханасында су, ауа, шайындылар сынамасын алды. Тексеру нәтижелері қосымша жолданатын болады. Бүгін 2019 жылғы 8 қарашада мектепте сабақ жалғасуда, денсаулық жағдайын алға тартқан балалар медициналық тексеруден кейін оқуын жалғастыратын болады», деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова.


Ал, Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бұл туралы әзірге ешқандай да мәлімет берген жоқ.


Еске сала кетейік, республикалық БАҚ пен әлеуметтік желілерде қарашаның 7-де Көкшетауда 80 оқушының белгісіз инфекция жұқтырғаны туралы ақпарат тараған еді. Желіде тараған мәліметтерде, оқушылардың барлығында бас айналу, құсу және асқазақн ішек құрылысың бұзылуының белгілері байқалған.


 




Көрілген: 231    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 15:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30