Жаңалықтар

Көкшетаулық мұғалім оқушылардың маңдайына "дәптер" деп жазып берді

  • https://www.facebook.com/

    https://www.facebook.com/

Көкшетау мектептерінің бірінде мұғалім 12 бірінші сынып оқушысының маңдайына "дәптер" деп жазып берді. Педагог олар дәптерін үйде ұмытпауы үшін осылай істеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Шулы оқиға №13 "Экос" мектебінде дүйсенбі күні алтыншы сабақ кезінде болған.

 

Мектеп басшылығының ақпаратына сәйкес, мұғалім 1 қыркүйекте жұмысқа қабылданған. Ол үш ай сынақ мерзімінде жұмыс істеп жүрген болатын.

 

Сабақ барысында 12 оқушы дәптерін үйде ұмытып кеткенін айтқан. Ол балалардың есте сақтау қабілетін жақсарту үшін маңдайларына маркермен немесе қаламмен "дәптер" деп жазып берген.

 

Мектеп директоры Светлана Ахметжанованың сөзінше, мұғалімнің еңбек өтілі 27 жыл. Болған жағдайды білген соң мектеп әкімшілігі ол кісімен сөйлесіп, жұмыстан шығарған.

 

Ақмола облысының білім басқармасы оқу орнында қызметтік тексеру жүргізілгенін жеткізді. Ведомство басшысы Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшылығы, мектеп директоры және орынбасарымен кеңес өткізді.

 

"Қазіргі уақытта сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс істеді, ал ата-аналармен жиналыс өткізді", - деп қорытындылады ведомствода.

 

Сондай-ақ, кейбір ата-ана мұғалімді жұмыстан шығармауды сұрағаны белгілі болды. Олардың пікірінше, ата-аналар бала тәрбиесіне назар аударып, мектепке дайындықты бақылауы керек.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.10.2021, 17:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31