Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көкшетаулық оқушы АҚШ-тың 6 университетінің грантын жеңіп алды

12 мамыр 2023, 10:19

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас осы оқу жылында АҚШ-тың 6 университетінің ( Widener university - 148 мың доллар; Michigan state university - 72 мың доллар; Arizona state university - 52 мың доллар,Loyola university Chicago - 84 мың доллар, Adelphi university - 100 мың доллар, George Mason university - 48 мың доллар ) грант иегері атанды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жарас бала күнінен криминалист болуды армандапты. Криминалистика туралы түрлі фильмдер мен көркем әдебиеттер оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған. 2023 жылы лицейдің 11-сыныбында оқып жүріп, Coursera сайтындағы Сингапур университетінің "Криминалистика және криминальная психология" курсының тыңдаушысы атанады.

 

Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы "How do people get on the path murder and violence" деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазған. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі "World scholars cup" халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 куміс медаль иеленді.

 

"Үздіксіз дайындық пен табандылығының нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды", деп жазды Ақмола облысының білім басқармасы.