Жаңалықтар

Колледж түлектері диплом жұмысын онлайн режимде қорғайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Осы жылы Нұр-Сұлтандағы колледж түлектері диплом жұмысын онлайн режимде қорғайтын болды. Бұл жайлы толығырақ Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтып берді, деп хабарлайды   ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау – техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленген білім беру ұйымының оқу жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады», - деді Шолпан Қадырова баспасөз мәслихатында.

 

Оның айтуынша емтихан сұрақтарын білім беру ұйымы алдын ала әзірлеп, жалпыға қол жетімді болу үшін қашықтықтан оқыту порталында орналастырылады. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау білім беру ұйымы әзірлеген кестеге сәйкес мерзімде өткізіледі.

 

«Мемлекеттік емтиханды қабылдау және білім алушылардың дипломдық жұмысын (жобасын) қорғау онлайн-прокторинг технологиясын қолдана отырып, онлайн режимде қарастырылады. Олар білім алушыны верификациялауға, экранды және ондағы білім алушынының іс-әрекетін қадағалауға, сондай-ақ барлық емтиханды бейне жазбаға жазуға мүмкіндік береді», - деді ол.

 




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.05.2020, 00:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30