Жаңалықтар

Колледжде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті

  • Колледжде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті

    Колледжде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті

Алматы көпсалалы колледжі кітапханасында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Сарғайсада тарихтың ақ парағы, ол күндер  мәңгі есте сақталады» атты тақырыпта әңгіме өтті. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1927-1953 жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді. Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына – 79 жыл, Ұлы жұт (ашаршылық) зұлматына - 84 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз. Бұрынғы ГУЛАГ, КАРЛАГ, АЛЖИР лагерьлерінің орындарында мемориалдық кешендер жұмыс істеуде, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайлары облыстарда ашылуда. Осының бәрі бізге, өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында осындай зұлматты болдырмауды міндеттейді.

Ктапхана меңгерушісі Гулнара Жанатқызы, «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» кітап көрмесін ұйымдастырды.

 

Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу. Көрмеге кітапхананың қорындағы жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Азалы кітап» (атылғандар тізімі), «Нәубет», «Қасіретті тағдыр беттері», «Қызылдар қырғыны», «Түнекте тұншыққандар», А.Тасымбековтың «Жан дауысы», Т.Омарбековтың «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»,«Зобалаң», М.Қозыбаевтың «Ақтаңдақтар ақиқаты», Т.Шонанұлының «Жер тағдыры- ел тағдыры», В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі» т.б. әдебиеттермен қатар баспасөз беттерінен «Жазықсыз жағылған жала», т.б. материалдар ұсынылған.

 

 

Г.Ж. ЖАНАХМЕТОВА,

Кітапхана меңгерушісі: 




Көрілген: 743    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 23:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31