Жаңалықтар

Колледждерде 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

  • Колледждерде 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

    Колледждерде 50 мамандық бойынша оқыту тоқтатылды

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.

Білім және ғылым министрлігі сұранысқа сай келмейтін 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты.

 
Ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа сыныптауышын әзірлеп, бекітті. Өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған.

Ендігі кезекте оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатыр.

Мәселен, қазақстандық колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды.

Сондай-ақ, жіктеушіден «Білім беру ұйымының зертханашысы», «Патенттану» және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

«Біздің басты мақсатымыз – білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру болып табылады. Сондықтан біз үлкен талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар жіктеушісін жаңарттық. Енді қазақстандық колледждерде «Робототехника және ендірілген жүйелер», «Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы», «Өндірістің аддитивті технологиялары», «Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру», «Графикалық және мультимедиялық дизайн», «Тас өңдеу өндірісі», «Ландшафтық дизайн», «Жылжымайтын мүлікті басқару», «Дестинацияны басқару», «Құрылыстағы сметалық іс», «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады», – деп атап өтті БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанова.

aikyn.kz




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 19:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30