Жаңалықтар

Көпшілікті Ұлттық тестілеу орталығы ди­ректоры Дидар Смағұлов­тың жазбасы қызықтырды

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Білім және ғылым министр­лігі мен UStudy арасындағы дауға әлі нүкте қойылған жоқ. Тараптар түрлі онлайн жиында бас қосып, мәселені шешуге тырысып жатыр. Көпшілікті Ұлттық тестілеу орталығы ди­ректоры Дидар Смағұлов­тың жазбасы қызықтырды. Ол Facebook парақшасында атал­ған компанияның мүлт кеткен тұс­тарын сынап жазған. Ал UStudy министрліктің бұқпан­тай­ламай қарсы шабуылға өзі шыққанын қалайды. Соның ішінде барлық сұраққа құзы­рет­ті органнан жа­уап алғысы ке­леді.

 

Мақаланың әлқиссасын Дидар Смағұловтың мәлімде­месінен бастасақ. Ұлттық тестілеу орталығы директорын жазба жа­риялауға UStudy тарапынан «жасалған» ақ­параттық шабуыл әсер еткен. Даудың басы «ми­нистр­лік Дү­ние­жүзілік банктен 8 миллиардтан ас­там несие алып, 35 тестілеу ор­та­лығын салады» деген ақпарат.

 

Ес­керер жайт, Білім және ғылым министрлігі осы тақырып тө­ңі­регінде ресми жауап берген жоқ. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирге де жауапты орган аты­нан Дидар Смағұлов қатысып жүр.

 

ҰТО vs UStudy

 

Әлеуметтік желіде Ұлттық тесті­леу орталығы директоры жазған жазбаға UStudy басшылығы жауап беріп үлгерді. Дидар Смағұлов 2019 жылдың қарашасында педа­гогтердің алғашқы ҰБТ-сын тап­сыра алмай, тесттің 10 күнге ке­шік­кенін жазған. Салдарынан 600 педагог UStudy-дің елордадағы және Көкшетау қаласындағы ай­мақтық орталығына келіп, жұмыс істемейтін бағдарламаны көрген. Ауылды жерден келген ұстаздар алыстан келгенде біршама уақыт компьютердің іске қосылуын күтіп отырған. Еліміздің әр өңірінде осы­ған ұқсас бірнеше жағдай тір­келген. Ал UStudy компаниясы бұл айып­таулардың негізсіз екенін алға тартады.

 

Олардың айтуынша, мұндай ақаудың пайда болуына тікелей БҒМ кінәлі. Өйткені олар тестілеуді уақытымен әрі қа­­те­сіз өткізу үшін алдын ала бір ай бұрын мемлекеттік әріптес (БҒМ) жеке әріптеске (UStudy) те­с­­тілеу тапсырмалар базасын беруі шарт. Себебі тапсырмада кез­­­десетін суреттер, формулалар, кес­телердің дұрыс шығуы үшін ма­мандар тапсырмаларды жүйеге ен­гіз­іп үлгеруі керек. Ал аталған заттар алдын ала берілмесе, эк­ранда тапсырма шықпай қалуы мүм­кін.

 

Осының бәрі мінсіз іске асуы үшін UStudy БҒМ-нан тес­тілеу базасын, республикалық апелля­циялық комиссия мен пән­­­­­дер тізімін беру туралы 12 хат жі­берген екен. Алайда тест бас­талғанға дейін қарсы тараптан жауап келмеген.

 

Нәтижесінде, жо­­ғарыда жазылғандай, тест өткізу 10 күн­ге кешігіп, 600 педагог тест тап­сыра алмаған. Қос тараптың әлеуметтік желі­дегі сұрақ-жауабы осындай фор­матта суреттеледі. Белгілісі, UStudy компаниясы мен ми­нистрлік 2019 жылы МЖӘ ке­лісімшартын жасас­қан. Шарт бойынша компания 3 тестілеуді тегін өткізуге құқылы. Олар: пе­­дагогтердің ұлттық білік­тілік тесті (ҰБТ), орта және жоғары білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау тестілеуі (ЖБ және ОБ ОЖСБ).

 

Осыған қатысты Дидар Сма­­ғұлов­­тың жазбасында UStudy-дің жоғары білім берудегі ОЖСБ тестін өткізе алмағанын көрсет­кен. Кейіннен 60 мың студент емти­ханды қағаз форматта тапсырған. Бұл сынға компания «Біздің желі 3 120 орынды қамтиды. Қара­пайым арифметикаға салсақ, ме­млекеттен бір тиын шығынсыз, 60 мың сту­денттң екі ағыммен 10 күн ішінде қабылдай аламыз» деп жауап бер­ген. Оның алдында не үшін тестті өткізе алмағанын ашып айтпаған.

 

Дүниежүзілік банктен несие алмаймыз

 

Басты факт ретінде көр­сетілген министрліктің Дүние­жүзілік ба­нк­тен бөлінетін 8,074 млрд тең­ге­ге 35 тестілеу орталығын жаб­­­дықтайтыны шындыққа жа­наспайды. Бұған министрлік өкілі Дидар Смағұлов жа­уап берді.

 

«Алыс ауылдарда тұратын ба­ла­ларды тестілеуден өткізуді емес, жалпы балалардың цифр­лық сауаттылығын көтеруді ой­лағанымыз жөн. Осы мақсатта Олжас Хайроллаұлына сондай 35 ауылды елді мекеннің тізімін бергенмін. Дүниежүзілік банкпен компьютерлік жабдықтау туралы жоба болды. 35 цифрлы құзыретке ие орталықтардың ашылуы жос­парланғаны рас. Қаржысына кел­сек, бағасын 1,5 млрд теңгеден асатын сомаға белгілегенбіз. Бі­рақ компьютер сатып алуға бюд­жет­тен ақша бөлінгендіктен, Дү­ниежүзілік банктен несие ал­маймыз. Қашықтан оқыту біткен соң оқушылар таратып берген құрылғыларды қайтарады. Сон­да осы база арқылы аудан мен ауылда орталық ашамыз. Осы­лайша, ол­ардың цифрлық сауатын көтереміз. Бұл біліктілік тестін аталған орта­лықта өткіземіз деген сөз емес», – дей­ді Дидар Смағұлов.

 

Біліктілік тестілеуі өтеді

 

Жалпы, қос тарап орта білім комитетімен онлайн кез­десу өткізген. Нәтижесінде, UStudy біліктілік тестін қайта өткізуге рұқсат алған. Компания бас­шылығы министрлікке теріс қа­­бақ танытқанымен, рұқсат ал­ғандарына қуанышты.

 

«Біз Президенттен, «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасынан және тағы басқа орындардан көмек сұрадық. Жағдайға бей­жай қарамаған әр­қайсысына ал­ғыс айтамын. Орта білім комитеті, Шолпан Ка­ри­нова, Дидар Смағұловпен бір­ге Zoom-да жиналыс өткіздік. Бәрінен бұрын бұл жағдай мұ­ғалімдерге соққы болды. Педа­гогтер ара­сындағы біліктілік тес­тін жа­қында өткізетін болдық. Ша­ғы­мы­мызға байланысты Орта білім комитетінен хат келді. Ресми хат алғандықтан жағдай түзелді деуге келеді. Хат мазмұнында еш­қандай орталық салуға конкурс жүрмегені жазылған. Ескерер жайт, сұраныс жібергенімізге 14-15 күн дегенде жауабын алдық», – дейді UStudy компаниясының дирек­торы Ол­жас Хайроллаұлы.

 

Ал Ұлттық тестілеу орталығы директоры UStudy компаниясы министрлікке немесе тестілеу ор­талығына мәселенің анық-қа­нығын білу үшін сұраныс жіберсе, жауап беретінін алға тартқан еді. Бірақ компания басшылығы тікелей эфир барысында ми­нистр­лікке бірнеше рет сұраныс жі­бер­генін атап өтті.

 

Оған қоса, кәсіп­керлер палатасы да «министрлік сұ­ранысымызға әлі жауап берген жоқ» деп ке­сіп айтты. Естеріңізде болса, министрліктің баспасөз қыз­меті біздің де сұрағымызды жа­уап­сыз қалдырған-ды.

 

2 500 теңгенің жыры

 

Жалпы, жобаның негізін са­лу­шы Жанат Рахмани UStudy-ді жетілдіру үшін кешенді жос­пар құрған. Атап айтқанда, жоба бүгінгі дәрежеге жетуіне 4,5 млрд салым көмектескен. Оған жаңа технологияларға не­гіз­делген Ноу-хауды қосыңыз.

 

UPARTNER компаниясының бас дирек­торы­ның сөзінше, мұндай орталықтар күл­лі Еуразияда жоқ.

 

«Өзім біраз шетелді ара­ладым. Сонда орталықтарды әде­йі ара­­лайтынмын. Өйткені тест ор­та­­лығын шетелдік тә­жірибеге сай етіп жасағым кел­ді. Біртұтас, бірдей орталық бол­сын деп барымызды салдық. Са­лымшыларға алғыс ай­тамын. HP компаниясынан барлық тех­никаны сатып алдық. Ха­лыққа ұсындық. Жалпы, 4,5 млрд теңге қаражат құйдық. Тест жү­йесінде жаңа технология ен­гізгіміз келді», – дейді Жанат Рах­мани.

 

Компанияның бас дирек­торы­­ның бұлай мәлімдеме жаса­уына Смағұловтың жазбасы әсер етті. Өйт­кені ол «компания мемле­кет­тің үнемдеген қаражатын мұ­ғалім­дердің иығына арта салды. Ұлттық тестілеу орталығы өткізіп жүргендей байқау сынағы құнын 260 теңгеден 2 500 теңгеге көтерді» деп жазған. Бұған UStudy компаниясының директоры Олжас Хайроллаұлы 2 500 теңгеге сынама тест тапсыру кей ұстаздың қалтасына салмақ еке­нін түсінетінін жеткізді. Тест тапсыратын педагогтің 80%-ының жалақысы төмен екенін атап өтті. Осыған сай өзіндік ұсынысы мен Смағұловқа жауабын берді.

 

«Мұғалімдердің облыс орта­лығына келіп, тест тапсыруы 10 мың теңге мен 30 мың теңгенің ара­лығында екенін білеміз. Оған қоса жататын орны бар. Сонымен салыстырғанда 2 500 теңге қым­бат емес. Осындай жайттарды ес­кере келе, аудан орталықтары мен моноқалаларда 33 орталық са­­луды көздеп отырмыз. Сонда мұғалім жол шығынын үнемдейді. Сәйкесінше, біз ұсынған баға ұс­таз қалтасына салмақ салмайды. Ат­алған орталықтарды 2021 жылы салуды бастаймыз. Алдағы уа­қыт­та Еуропамен келісімшарт жа­саймыз. МЖӘ келісімшартында көрсетілгендей, 10 жыл ішінде желіні 153-ке дейін көбейтеміз. Бәрі рет-ретімен орындалып жа­тыр», – дейді Олжас Хайролла­ұлы.

 

Жанат Рахмани болса, сынама тест бағасының ішкі шығындар мен техникалық жабдықтарға бай­­­­ланысты белгіленгенін атап өтті. Оның айтуынша, бизнесте қан­ша салым салсаң, соған бай­ланысты шығынның орнын тол­тыру­ды ойлау керек. Оған қоса ор­талықтағы жаңа технологияға негізделген құрал-жабдықтарды министрлік өкілдерінің өзі бас бар­мақпен бағалаған.

 

Құзыретті орган жауап берсін

 

Тікелей эфир барысында Дидар Смағұлов мәселені дөңге­лек үстел басында-ақ шешуге болатынын бір­неше рет қай­та­лаған-ды. UPARTNER компа­ниясының бас ди­рек­торы Жа­­­­нат Рахмани мұның ашық түр­де талқылауға түсетін жайт екенін кесіп айтты. Компания МЖӘ келісімшартының толық орындалғанын қалайды. UStudy ҰТО қойған бірқатар талапты ке­лісімшарт бойынша мемлекеттік әріптес БҒМ-мен талқылаймыз деп отыр.

 

БҒМ мен UStudy арасындағы дау қалай аяқталатыны белгісіз. Бірақ орталық біліктілік тестін 14 қыркүйектен бастаймыз деп жоспарлап жатыр. Өз кезегінде министрлік те компанияға тест өт­кізуге келісім берген.

 

Ал «Ата­мекен» кәсіпкерлер палатасы қос тарап арасында ашық алаң өткізуге дайын. Демек, оқи­ғаның жалғасы бар деген сөз. Тек БҒМ әдеттегідей үнсіздік режимінде қа­лып кетпесе болғаны.

 

aikyn.kz

 




Көрілген: 737    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 02:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31