Жаңалықтар

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы талқыланды

  • https://khabar.kz/

    https://khabar.kz/

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты тақырыбындағы мақаласын талқылауға арналған профессор-оқытушылар құрамының отырысы өтті.

Кафедра ұжымы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Ұлы ақынды ұлықтаған ел президенті Қ. К. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын ыстық ықыласпен қабылдап, үлкен қоғамдық серпіліс туғызған бұл еңбектің бүкіл еліміз үшін маңызы зор екенін атай отырып, жағымды жаңалықтарға куә болып, ұлы тұлғаға арналған мақала туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Жиын барысында оқытушылар құрамы бағдарламалық мақала негізінде баяндама жасап, қызу талқылады.

Халқымыздың мақтанышы Абай Құнанбаевтың поэзиясына тереңірек үңіліп, оның ұлы мұратын насихаттауға шақырған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын насихаттау бағытында аға оқытушы М.А. Азнабакиева баяндама жасады. Ол бұл мақаланың ерекшелігіне тоқтала отырып, мақала «Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «Торқалы тойдың тағылымы» сияқты бөлімдерден тұратынын баяндай отырып, бұл бөлімдерінде хакім Абайдың білім-ғылым туралы ой-толғамдарынан туындайтын қазіргі заманғы білім және ғылым жүйесін дамыту мәселелері қарастырылатынын, Абай мұраларының бүгінгі мемлекетті дамытудағы рөлі туралы сөз болатынын, сонымен қатар Абайдың жаһандық ой-сананы дамытуға қосқан үлесі туралы айтылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, жиын барысында сөз сөйлеушілер мақалада Абайтану дәстүрін дәуір талабына сай жүзеге асыру мақсаты көзделгенін, бұл біздің халықты өткеннің ұлағатына құрметпен қарауға, зерделеуге, сабақ алуға шақыратынын сөзге тиек етті.

Шара соңында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мақалада айтылған бағыттардың әрқайсысы аса маңызды болып табылатыны жайлы, Президенттің мақаласында еліміздің азаматтарына ой саларлықтай біраз ойлар айтылғаны туралы өз ой-пікірлерімен бөлісе отырып, Президент мақаласындағы ұсыныстар мен тұжырымдарды толық қолдайтындарын білдірді.

 

Саденова А.Е., Азнабакиева М.А., Курманова Т.В.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы


 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

жұма, 24.01.2020, 18:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30