Жаңалықтар

Құлаққағыс: 2 сәуірде қашықтан оқытуға қатысты республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

  • Құлаққағыс: 2 сәуірде қашықтан оқытуға қатысты республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

    Құлаққағыс: 2 сәуірде қашықтан оқытуға қатысты республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

«Аталған мәселеде ата-аналарға мұғалімдермен бірдей жүк түседі. Сондықтан біз оларға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз», – деді Асхат Аймағамбетов.
Бүгін мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға дайындық басталды. Бұл туралы кеше Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте айтқан болатын, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жалпы, бұл қашықтан оқыту дегеннің мектеп тәжірибесінде бұрын-соңды болмағаны белгілі. Сондықтан министр дайындық жұмыстарын жүргізудің өте маңызды болып тұрғанын айтты.

«1 сәуірде ең алдымен сынақ-сабақтар ұйымдастырылады. Барлық мектептердегі мұғалімдеріміз оқушыларымен байланысқа шығып, қашықтан сынақ-сабақ береді.

Одан кейін бейсенбі, яғни 2 сәуір күні ата-аналар жиналысы болады. Аталған мәселеде ата-аналарға мұғалімдермен бірдей жүк түседі. Сондықтан біз оларға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз», – деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, 3 сәуірде сынып сағаттары өткізіледі. Онда да сол қашықтан оқытудың жүзеге асыру форматтары мен проблемалары талқыланбақ. 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 11:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30