Жаңалықтар

"Құпия операция" Қазақстанда бірнеше оқулық қайта қаралып жатыр

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

4-сыныпқа арналған бірнеше оқулық республикалық комиссияның шешімімен пәндік комиссияның қарауына қайта жіберілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.


2 наурызда республикалық комиссия 4, 9, 10-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын қараған.

"Республикалық комиссия мүшелері өзара ортақ пікірге келе алмағандықтан, қазақ және орыс мектептеріне арналған 4-сынып оқулықтары – "Математика", "Дүниетану", "Жаратылыстану" және қазақ мектептеріне арналған "Қазақ тілі", "Әдебиеттік оқу" оқулықтары пәндік комиссияға қайта қарауға жіберілді. Бұл арада сараптама жайлы сөз болып отырған жоқ, оқулықтарды басқа құрамдағы комиссия қарайды", - деді "Оқулық" республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының басшысы Бейбіткүл Кәрімова.


Оның айтуынша, оқулықтарды тексеретін сарапшылар мүдделер қайшылығы болмас үшін өз ісін құпия жүргізуде. Яғни оқулық авторлары сарапшылардың кім екенін білмейді.


Сондай-ақ, Кәрімова білім және ғылым министрлігінің бастамасымен күн сайын оқушы көтеретін сөмкенің салмағы алдын ала бекітілгенін мәлімдеді.


Мәселен, 2018 жылдың қыркүйегіндегі жаңа ережеге сәйкес, 1-3-сынып оқушыларының сөмкесі 1,5-2 келіден, 4-5-сыныптікі 2-2,5 келіден, 6-7-сыныптікі 3-3,5 келіден, 8-11-сыныптікі 4-4,5 келіден аспауы тиіс.


"2018 жылы шыққан, 3, 6, 8 сыныптарға арналған оқулықтар мен қосымша оқу құралдары министрлік бекіткен нормаға сай. Оқулықтың мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес жасалады", - деді орталық басшысы.


Sputnik


 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 09:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30