Жаңалықтар

"Қымбат, қалтамыз көтермейді": Қазақстандық ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттады

  • "Қымбат, қалтамыз көтермейді": Қазақстандық ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттады

Елімізде ақылы оқудың бағасы тағы қымбаттады. Университет пен институттағы бір жыл білім алудың құны 15-20 пайызға дейін көтеріліп кеткен. Бұл жаңалықты естіген ата-аналар «онсыз да сапалы білім беріп жарытпай жатқандардың бұл әрекетін түк түсінбедік» деп наразылық білдіруде.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды.


Елордадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры қол қойып, мөр басылған құжатта 2017-2018 жылдардағы ақылы бөлімнің бағалары тізіліп тұр. Экономика мамандығы жылына 860 мың теңге деп көрсетілген. Өткен оқу маусымында шамамен 940 мың теңге болыпты. Биыл тағы 10 пайыз қосылып отыр. Яғни осы жылдың түлектері экономика мамандығын Гумилев университетінде оқимын десе, енді 1 миллион 41 мың теңге төлейді.

Қазақстандағы тағы бірқатар ЖОО-да оқу ақысы қымбаттаған. Ата-аналардың нарызылық білдіруінің себебі белгілі болды.


«Мынадай-мынадай себеппен деп ешкім жауап берген жоқ. Жауап алған жоқпыз. Инфляцияға қарсы 4 пайыз емес, 15-20 пайыз. Қазір бір жылғы оқу ақысының 900 мыңнан кем жоқ. Бұл үлкен баға. Ал сапасы деген төмен ғой», - дейді журналист, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова.


Білім саласына бөлінген қаражат болашаққа құйылған инвестиция деп айтқанда алдымызға жан салмаймыз. Баға сапасына сай болса, мұндай әңгіме көтерілмейтін еді ғой. Бірақ ақсап тұрған дүниенің құнын аспандата берудің қажеті қанша? Тұрғындардың пікірі осы.


«Ақшамен білімді байланыстырып, соған байланысты 15% көбейтсе, білім де жоғарылайды дегенге сенбеймін».


«Мысалы, менің 8 балам бар. Енді балаларды оқытайық десек, қазір баға көтеріліп кетті. Қымбат. Оны қалтамыз көтермейді».


«Қазір көп адамның жағдайы келмейді деп ойлаймын. Негізі, түсірген дұрыс. Тым болмаса, жеңілдік жасаса деген ойдамын».


«Тиынның екі жағы бар» дегендей кейінгі жылдары оқу құнының үздіксіз өсе беруі кесірінен көптеген жастар шетелге кетіп жатыр. Тіл үйреніп, саяхаттап, арзан оқу орнын тапқандар көп ойланбайтын болған.


«30-40 пайызы қайтып келгісі келмейді, келмейді де. Сол жақта қалғысы келеді. Сонда мемлекет 11 жыл балаларды тегін оқытып, басқа мемлекеттің маманы болу үшін дайындадық па? Сол жақтан барып оқиды, қалғысы келеді. Бізге керек мамандар келмей жатыр ғой. Бұл күрделі мемлекеттік мәселе», - дейді Гүлбану Әбенова.


Мемлекет неге араласпайды? Министрлік қайда қарап отыр? Азаматтар да, мамандар да осыны түсінбей әлек. Оларға еліміздің бас мұғалімі былай жауап берді.


«Оқу ақысы бойынша алдыңғы жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша оқу ақысын оқу орындары бүгінгі күні өздері белгілейді. Бүгінгі күні министрлік тиісті жұмыс жүргізіп, мемлекеттік университеттермен жұмыс жүргізіп, талдау жасап, жақында осы ақпаратты жеткізетін боламыз», - дейді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.


Жоғарғы оқу орындары кейінгі жылдары өз жыртығын өзі жамап, өз күнін өзі көретін басқару стиліне көшкен. Министр Аймағамбетов мемлекеттік университеттермен сөйлесіп көремін дегендей ыңғай танытты. Бірақ көтеріліп қойған баға қайтып түседі дегенге сену қиын.  




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 22:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31