Жаңалықтар

Қыркүйектен бастап ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді

  • Қыркүйектен бастап ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді

    Қыркүйектен бастап ұстаздардың жалақысы тағы да көбейеді

 Биылғы оқу жылында ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамның еңбекақысы 20-30 пайызға артады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.


Ұлттық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша тапсырма берді. Осы мәселені орындауымыз керек. Министрлікке бағынышты оқу орындары оқытушыларының жалақысын өсіру мәселесін бірінші қыркүйектен бастап шешуіміз керек. Тиісті талдау жұмыстары жүргізілді және оған мүмкіндік бар. Бұл мәселені бірінші қыркүйектен жүзеге асыруды тапсырамын, - деді Асхат Аймағамбетов.
Ол жоғары оқу орындары жүйесін дамытуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдіріп отырғанын айта кетті.

2011 жылдан бастап жоғары оқу орындарындағы грант құнын өсіру бойынша көп мәселе көтерілді. Президент тапсырмасына орай, Үкімет қаулысы қабылданды. Осылайша, грант құнын өсіру арқылы оқытушылар жалақысы көбейіп, оқу орындарының материалдық-техникалық базалары нығаятын болады, - дейді министр.
Былтырғы – 2019-2020 оқу жылында барлық оқу орны жалақыны орта есеппен 20 пайызға көтерген екен.

Енді 2020-2021 оқу жылында оқытушылар жалақысын шамамен 21-32 пайызға дейін көтеру күтілуде. Бұл бағыт бойынша барлық ЖОО жұмыс істеп жатыр, - дейді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

BAQ.KZ




Көрілген: 272    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.07.2020, 18:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31