Жаңалықтар

Қыздар университетінің 9 га жерін кім иеленіп кеттті?

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 9 га жер учаскесін заңсыз иеліктен шығарған. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Министрлік 2020 жылғы желтоқсанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ішкі аудит жүргізу барысында Алматы қаласының жанындағы Кемертоған кентінде орналасқан, ЖОО-ға тиесілі алаңы 9 га жер учаскесін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтады. Бұл ретте жоғары оқу орындары жер телімдеріне қатысты шешімдерді Білім және ғылым министрлігінің келісімінсіз өз бетінше қабылдаған», - деді ол.

 

Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

 

«Сондай-ақ, 2020 жылы «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ пен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ-та да тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі бойынша жылжымайтын мүлік объектілерін заңсыз иеліктен шығару фактілері анықталған жоқ», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

 




Көрілген: 203    Пікірлер: 0

жұма, 19.03.2021, 15:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31