Жаңалықтар

Қызылорда облысында мектеп ауласында жарылыс болды (фото)

  • Оқиға орны. Фото: gov.kz

    Оқиға орны. Фото: gov.kz

Бүгін, 11 қазан күні, таңертең Тасарық ауылындағы орта мектеп ауласында орналасқан жылу қазандығында жарылыс болды.

 

Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД ресми сайтында хабарланды.

 

Бүгін таңғы сағат 08.15-те Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы №238 орта мектеп ауласында жеке тұрған көмірмен жылынатын жылу қазандығында жарылыс болған.

 

Ведомствоның хабарлауынша, жарылыстың арты өртке ұласқан жоқ.

 

Төтенше жағдай салдарынан ауданы 64 шаршы метр болатын ғимараттың қабырғалары мен жабыны опырылып түскен.

 

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

 

Мектептегі оқу тоқтатылған жоқ, себебі бүгін ауа райы қолайлы, яғни +9 градусқа дейін жылы болып тұр.

 

 

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 416    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 23:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31