Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылорда облысында мектеп директорының әйелі мұғалімдерден ақша жинаған

16 наурыз 2023, 09:54

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылындағы №157 Б.Пәрімбетов атындағы мектеп директорының әйелі мұғалімдерден ақша жинап келген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Нalyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Үйтолған Жареке Facebook-тегі парақшасында жазды.

 

«Айлығымыздан ақша жинау тыйылмай тұр. Семинар өткен сайын ақша жинайды. Басшылық енді көктем келгелі мектепке туя отырғызамыз дегенді шығарды. Оған бөлек ақша жинатып жатыр.

 

Мектеп асханасында бастауыш сыныпқа қандай тамақ берілетінін білесіз бе? Суретін жолдап отырмыз. Еті жоқ күріш ботқа және сәбізді теркадан өткізіп қоя қойғанды бала жей ме? Бөлінген қаржы барлық мектепке бірдей. Алайда әкім өзімнің қадағалауымда деген балалардың тамағының түрі осы.

 

Осының бәрі директорымыз Үсен Ахметовтің бассыздығынан болып отыр. Каспий голд қосымшасында көрсетілген Маржан есімді кісі директордың әйелі. Ақшаны сол адам жинайды. Сонда директор қызметін асыра пайдаланып, әйелі екеуі қашанғы білгенін істемек?! Осы былықтарды реттеуге көмектесіңіз», – де жазды ол.