"Lexus"-пен каналға түсіп кеткен тараздық түлектің жаңа видеосы жарияланды

29 мамыр 2022, 10:37

Әлеуметтік желіде Lexus көлігі жол апатына ұшыраған сәттің видеосы тарады. Оқиға Таразда соңғы қоңырау күні болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда автомобиль жүргізушісі маневр жасаймын деп жолдың шетіне, каналға ұшып кеткенін көруге болады.

 

 

Бұған дейін, сақтандыру полисіне сәйкес автокөлік құралын жүргізген 21 жастағы Lexus жүргізушісі таныс түлектермен бірге бітіру кешін атап өту үшін "Қазақ хандығы" монументіне келгені хабарланған.

 

Жүргізуші шаруасымен жүргенде оның жолаушысы - 17 жастағы мектеп түлегі өз еркімен көлік тізгіндеген. Осы кезде жігіт тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алып, тізгінге ие бола алмай, каналға түсіп кетті.

 

Абырой болғанда, түлек зардап шекпеді.