Жаңалықтар

Лицензиясынан айырылған университет студенттері стипендияларын әлі ала алмай жүр

  • Лицензиясынан айырылған университет студенттері стипендияларын әлі ала алмай жүр

    Лицензиясынан айырылған университет студенттері стипендияларын әлі ала алмай жүр

Алматыда Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің студенттері 4 айдан бері стипендияларын ала алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Олардың айтуларынша, 7 жыл білім алған университет бір-ақ күнде лицензиясынан айырылып, жабылып қалған. Сөйтіп, мыңдаған білімгер оқу жылы аяқталмай жатып басқа жоғары оқу орнына ауысуға мәжбүр болады. Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жаңа университет басшылығы оқу ақысын қайта төлеткен. Ал ақшаларыңды қайтарып береміз деген Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінен әлі хабар жоқ көрінеді.

 Сондықтан екі университет басшылығына да, денсаулық сақтау министріне мәселелері бойынша хат жазған.

Студенттер арасында оқу жылының басында бірден 700 мың теңге көлемінде жылдық ақысын төлеп қойғандар бар. Олар қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті әр білімгерге кемінде 200 мың теңге қарыз деп отыр. Сондықтан, бұрынғы оқу ордаларына келіп, ректормен кездеспек болды. Алайда күзетші түрлі сылтау айтып, табалдырықтан әрі асырмапты.

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің заңгері оқу ақысын өтемеген студенттердің қаржысы түсе сала, толық төлегендердің ақшасы қайтарылатынын айтады.

“Бөліп-бөліп төленеді. Өйткені бірден бүкіл студенттерге біз қайтара алмаймыз ол ақшаны. Ақша бізге қалай түседі есепшотқа. Барлық студенттерге бөліп қайтарып жатырмыз”,- дейді заңгер Зәуре Ержанова.

Ал Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің өкілдері студенттер маусым айынан бастап ауысып келе бастады дейді. Қазір олар сабақтарын жалғастырып жатыр екен. Ал оқулары аяқталған соң дипломдарын алатын болады.

“Қазір денсаулық сақтау министрлігімен келісім жасалып жатыр. Жақында бітуі тиіс. Барлық құжат дайын болған соң, министрлік наурыз, сәуір, мамыр айларының ақшасын аударады. Бұл осы студенттердің шәкіртақы алмаған кезеңі. Мәселе алдағы екі-үш аптада шешілуі керек. Ал денсаулық сақтау министрлігіндегілер білімгерлердің тізімін бүгін ғана алдық, тексеріп жатырмыз дейді. Айтуларынша, тиісті жұмыстар біткен соң, барлық студенттің шәкіртақысы төленеді”,- дейді қазақ ұлттық медициналық университетінің қаржы директоры Әсет Өтегенов. 

Stan.kz




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 11:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30