Жаңалықтар

Магистратура мен докторантураға түсуге құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылады

  • https://www.youtube.com/

    https://www.youtube.com/

Елімізде карантин режимінің ұзартылуына байланысты магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу бұрын-соңды мәлімделгендей 3 тамыз күні емес, 17 тамызда басталады. Сондай-ақ докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды.

 

Оқуға түсушілердің жеке кабинеттеріне (ҰТО сайтында) кешенді тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны көрсетілген жаңа рұқсаттамалар жіберіледі.

 

Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік тестіленушінің жеке кабинеті арқылы электрондық нысанда берілетін болады. КТ өткізу ережелеріне қандай өзгерістер енгізілді?

 

2020 жылы магистратураға түсу үшін КТ алғаш рет 18 өңірлік тестілеу орталығының базасында әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы компьютерлік форматта өтеді. Әр компьютер бейнекамерамен қамтамасыз етіледі. Осылайша, КТ жүргізілуін бақылау жөніндегі комиссия академиялық адалдық қағидаларының сақталуын қадағалай алады.

 

КТ қатысушылары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекцияның барлық кезеңдерінен өтеді, санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Тестіленушілерді кіргізу және отырғызу кезінде олардың арасында кемінде 2 метр арақашықтық сақталады.

 

Айта кеткен жөн, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті аймақтық тестілеу орталықтарының дайындығын тексерген болатын. Әр қатысушы үшін тестілеу дербес басталады, яғни тестіленуші легтің толтырылуын күтпейді.

 

КТ барысында тестіленушілер сұрақтарды өткізіп жібере алады, келесісіне ауысып, алдыңғы сұрақтарға қайта орала алады және жауап нұсқаларын өзгерте алады.

 

КТ аяқталғаннан кейін тестіленушілер жауаптарды дұрыс жауаптар хаттамасымен салыстыра алады.

 

Сонымен қатар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде магистратураға түсуші үміткерлер апелляцияға бере алады.

 

Тест тапсырмаларының саны мен тестілеуді өткізу уақытына келетін болсақ, мұнда өзгерістер жоқ: 3 сағат 55 минутта 130 тест тапсырмасына жауап беру қажет.

 

Комиссия оқуға түсушіні тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін немесе бөгде адам арқылы тестілеуді тапсыруға тырысқаны үшін кешенді тестілеуге жібермеуі мүмкін.

 

24.kz

 




Көрілген: 461    Пікірлер: 0

сенбі, 01.08.2020, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30