Жаңалықтар

Магнитті өріс қашан пайда болды?

  • Магнитті өріс қашан пайда болды?

    Магнитті өріс қашан пайда болды?

 Жер пайда болған 4,5 миллиард жылда оның тұрғындары екі қауіпті кезеңді бастан өткерді. Алайда екі жағдайда да Жердің магнитті өрісі өркениеттің жойылып кетпеуіне себеп болды.

Күн – әлемдегі беймаза жұлдыздардың бірі. Күннің желі арқылы Жерге әрбір секунд сайын қауіпті заттер келеді. Марстың "қызыл ғаламшарға" айналуына дәл осы Күн тікелей әсер еткен. Бұрын Марс суы, атмосферасы бар, тіршілік етуге қолайлы планета болған деседі. Алайда ол магнитті өрістен айырылған соң Күн оны "өртеп" жіберген. PNAS журналының зерттеуіне сәйкес, Жердің магнитті өрісі ерте пайда болған көрінеді. Бұған дейін магнитті өріс осыдан 3,5 миллиард жыл бұрын түзілді деп саналған. Алайда 2015 жылы Рочестер университетінің профессоры Джон Тардуно бастаған бір топ ғалым магнитті өріс Жер "өмірге келген" соң 300 миллион жылдан кейін пайда болғанын дәлеледі.

Алғашқы кезеңде магнитті өріс қазіргіге қарағанда едәуір қуатты болған. Өйткені оған жас әрі күйгелек Күнмен күресуге тура келді. Жердегі ең ежелгі заттардың бірі цирконды зерттеу кезінде магнитті өрістің кем дегенде 4,1 миллиард жыл бұрын пайда болғаны және оның әлдеқайда қуатты болғаны анықталған. Осындай маңызы бар құбылыс екі мәрте Жердегі тіршілік атаулының жойылып кетпеуіне себеп болған. Хадей және Эдиакр кезеңінде Жердің ядросы үлкейе бастаған сәтте магнитті өріс жоғалып кете жаздаған. Алайда магнитті өріс бар қиындықтан аман-есен өтіп, Жердегі тіршіліктің жойылып кетпеуіне себеп болды.

massaget.kz




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30