Жаңалықтар

Малайзия университетінің дипломын Түркістанда алуға болады

  • © egemen.kz

    © egemen.kz

Малайзия елінің №1 университеті – Taylor's University Түркістанда білім алатын студенттері үшін арнайы оқу бағдарламаларын жасайтын болады. Сонымен қатар Түркістанда жүріп-ақ аталмыш оқу орнының дипломын алуға мүмкіндік бар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.


Бұл келісім Куала-Лумпурда өткен Халықаралық бизнес-форум аясында Түркістан делегациясының ресми өкілдері мен Taylor's University университетінің басшылығы арасында жасалды.


Форум түркістандық делегаттардың Малайзияға жасаған роуд-шоуы барысында өтті. Малайзия университетінің бағдарламасы Түркістан облысында құрылысы биыл басталғалы жатқан Халықаралық туризм және сервистік қызмет колледжі студенттерінің оқу бағдарламасына енгізіледі деген жоспар бар.


Онда түркістандық жастар халықаралық деңгейде туризм және сервистік қызмет саласында білім алады.


Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Төлебековтің айтуынша, дуалды оқыту жүйесінде бірден екі диплом алуға болады.


«Түркістанда ашылатын Халықаралық колледждің түлектері оқуды тәмамдағанда колледждің дипломын және Taylor's University университетінің дипломын иеленеді. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс табуға ерекше мүмкіндік береді» дейді ол.


Қазіргі уақытта қос тарап осы әріптестікті тереңталдаудан өткізіп жатыр.


Айта кететін жай, Халықаралық бизнес-форумға Малайзияның 100-ден астам ірі туроператорлары мен кәсіпкерлері қатысты. Түркістандық делегация оларға Түркістан облысының туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Таныстырылымдардан кейін екіжақты В2В форматында кездесулер өтті.


«Түркістан» ӘКК» АҚ филиалы «Turkistan Invest» сыртқы байланыстар жөніндегі басқарушы директоры Баян Каюпованың айтуынша, келіссөз барысында малазиялық бизнес өкілдер туризм саласына инвестиция салуға қызығушылықтарын танытқан.


«Олар Түркістанда қонақүйлер мен хостелдер құрылысын жүргізуге ниет білдіріп отыр. Малайзияның әлемде туризм бағыты бойынша көшбасшы елдер қатарында екендігі белгілі. Сондықтан, біз екіжақты тиімді ынтымақтастықты құру мақсатында барынша қолдау көрсетеміз» дейді ол.


egemen.kz

 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.03.2019, 21:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31