Жаңалықтар

Мамандығым мақтанышым

  • Мамандығым мақтанышым

    Мамандығым мақтанышым

Мен дәрігер мамандығын таңдап, науқастарға көмектескенімді мақтан тұтамын. Егер де мұғалім оқушыға әріп үйретіп, білімге баулыса, дәрігер науқастың денін сауықтырып, жанын қоса емдейді. Бұл мамандықты таңдау, адамға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Медицинаға кез-келген адамның келуі мүмкін емес. Сондықтан осы жолды таңдап, дәрігерлерлік өмірге қадам басқанын түйсігімен түсінуі тиіс. 

Себебі дәрігер адам тәнін біліп қана қоймай, қандай жағдайда да бәріне дайын тұрады. Ең бастысы қаннан қорықпай, адам өміріне жан-тәнімен беріле қарап, әрі өзінің әрбір ісіне жауап бере алатын жүйкесі мықты жан болуы керек.
 
 Өздеріңіз де білетіндей, елімізде енгізілген Төтенше жағдай кезінде дәрігерлер бастарын қатерге тіге отырып, алғы шептен көріне білді. Ертеректе «майданның көзге көрінбейтін жауынгерлері» дегенді естігенім бар еді. Ал бүгінде көзге көрінбейтін жау деген түсінік пайда болды. Ол "Ковид-19" дерті. Жаңа да айттым, осы мылтықсыз майданның алдыңғы шебінде дәрігерлер қауымы түнді түнге соғып, күресуде.
 

Өзім қызмет ететін Отан соғысы мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь ұжымы да сол қарбаласта аянбай көмектесіп, ортасында жүрді. Директорымыз Дамир Абайділдаұлы Даулетбаевтың сауатты басшылығымен жұмыс тәртібі сақталып, карантин ережелері бұзылған жоқ. 

Директордың орынбасары Ерлан Шаханұлы да күні-түні госпитальде жүрді. Ол кісі бізді моральдік жағынан қолдап, қатты күйзеліске душар болғандарды әзіл-күлкімен жадыратуға тырысып, барынша қолдау көрсетті. Өзімнің әріптесім, неврология бөлімінің меңгерушісі Салтанат Елшиевамен де осы қысылтаяң шақта қоян-қолтық бірге жұмыс жасадық. Тіпті Салтанат Ембергенқызы жұмыс барысындағы бар шаруаға өз көлігін пайдаланып, көмек қолын созды. Көпшілігінде көлік іздеп жалтақтамай өзіміз реттеп отырдық.
Білікті маман Салтанат Толғанбайқызының да техниканың тілін жақсы білгендігі көп көмегін тигізді. Қай уақытта болса да көмегін ешкімнен аямай, елгезектік танытып көмектесе білді.
«Ас - адамның арқауы»,- дейді емес пе? Осы орайда госпиталь асханасындағы аспаздарға айтар алғысымыз шексіз. Тамақ тегін және өте дәмді.
Сырт қараған жұрт, жағдайлары жасалған бұдан артық не керек деп таң қалуы да мүмкін. Иә, адамға керек бір ғана нәрсе бар екен. Ол - адамгершілік! Біз осы бір қиын-қыстау кезеңде соны түсіндік.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғанға ештеме жетпейді. Біз осыны түсіндік. Әріптестеріме айтарым, адам үшін аса қымбатты денсаулық саласындағы абыройлы қызметтеріңіз үшін сіздерге шынайы ризашылық білдіріп, зор денсаулык, сарқылмас мейірім тілеймін! Келе жаткан мерекеміз құтты болсын! 



Көрілген: 351    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.06.2020, 15:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30