Жаңалықтар

Маңғыстау тумасы «New York» университетінің білім грантын жеңіп алды

  • Маңғыстау тумасы «New York» университетінің білім грантын жеңіп алды

    Маңғыстау тумасы «New York» университетінің білім грантын жеңіп алды

Тұщықұдық ауылының тумасы Дариға Болатбай Абу-Дабидегі «New York» университетінің тегін білім грантын жеңіп алды. 
Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Абу-Дабидегі New York университетіне әлем бойынша ағылшын тілін жетік білетін студенттердің 4 пайызы ғана оқуға жолдама алады екен. Биыл 100 мыңнан астам оқушы құжат тапсырған болса, соның 500-і оқуға қабылданған. Солардың бірі – Тұщықұдық ауылының тумасы Дариға Болатбай. 

ТМД бойынша ең танымал оқу орындарының бірі саналатын университет туралы 10-сынып оқып жүргенде естідім. Абу-Дабидегі «New York» университеті АҚШ-тағы «New York» зерттеу университетінің бір бөлімі екен. Шынымды айтсам, шет мемлекетке оқуға түсемін деп мүлдем ойламадым. Дегенмен бағымды сынап көрдім. Мұндағы ең басты талап эссе жазу. Бірі өмірбаяныңды, енді екіншісі «Сен неге осы униерситетті тандайсың?» деген тақырыпта болды. Сол эссе менің грантқа түсуіме көп әсер етті. Карантин уақытындағы қиындыққа қарамастан, онлайн тілдесу сұхбатынан да сәтті өттім. Бірнеше күннен кейін оқуға шақырту келді, - деді Дариға Болатбай. 
Дариға Болатбай алғашында Тұщықұдық ауылындағы С.Жаңғабылов мектебінде оқыған. Кейін Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік білім ордасына түсіп, биыл 12-сыныпты үздік аяқтады. Орыс, ағылшын тілдерін терең меңгере отырып, мектептің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытқан. 7-сыныпта Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түстім. Бастапқыда орыс, ағылшын тілін мүлдем білмедім. Ағылшын тілін меңгертетін курстарға қатыспай-ақ өз бетімше үйренуге бел будым. Мектеп өміріне белсенді араласып, ғылыми жобаларға қатыса бастадым. Әр облыста өтетін білім сайыстарына барып, Франциядағы халықаралық ғылыми жобаға жолдама алдым. Білімнің тасын қалаған Тұщықұдық ауылымдағы С.Жаңғабылов мектебі болса, Назарбаев мектебі арманыңа қол жеткізу өз қолыңда екенін үйретті, - деді Дариға Болатбай. 
Дариға Болатбай бірнеше рет облыстық, республикалық білім бәйгесінде жүлдегер атанған. «Жаныңда жүр жақсы адам» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырған. Елбасы медалінің қола, республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері.

Ал биыл «Жыл оқушысы-2021» аталымы Дариға Болатбайға бұйырды.

Ол болашақта білікті дәрігер атанып, қазақ елінің медицина саласына тың жаңалық әкелуді армандайды. 

BAQ.KZ




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

жұма, 03.09.2021, 19:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31