Маңғыстауда мектеп есепшісі 76 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

28 шілде 2023, 12:43

Ақтауда 76 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған мектеп есепшісі сотталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Іnbusiness.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне слтеме жасап жазды.

"Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас есепшісінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды. Аталған дерек бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу облыстық экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды", - делінген хабарламада.

 

Тергеу барысында мектеп есепшісі өз кінәсін толық мойындаған.

 

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz