Мәйітханадағы адам мүрделерін видеоға түсірген студенттер жұртты шошытты

09 маусым 2022, 17:27

Тіпті бейнежазбадан аяқ-қолы бөлшектелген денелердің үйіліп жатқанын да байқайсыз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Студенттер мәйітханадағы адам денелерін видеоға түсіріп, кейін желіде жариялап, жұрттың есін шығарды.

 

Мәйітханадағы өлген адамның денелерін студенттер Тiktok-та жариялады. Бейнежазбада бірнеше ақ халат киген бойжеткеннің тәжірибелерін шыңдап жүргенін байқайсыз. Тіпті адамның дене мүшелерінен бөлек, су толы шағын хауызға тасталған бірнеше адамның өлі денесін де көруге болады. Ал студенттер су ішіндегі мәйіттің қолынан ұстап, көтереді.

 

 

Аталған бейнежазба желіде бірден тарап, жұрттың жүрегін шайлықтырған. Жарияланғанына бір тәулік болмаса да 24 мыңнан аса адам көріп, 1500-ден аса оқырман бөлісіп үлгерген.

 

Адам шошырлық видеоны жариялаған студенттің парақшасына қарап, Алматыдағы Асфендияров атындағы медициналық университеттің студенті екенін білуге болады.