Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға өседі

28 ақпан 2022, 17:26

Медициналық мамандықтардың шәкіртақысы 30 пайыз артады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақының екі есе деңгейіне жеткізу көзделген. Осылайша ағымдағы жылы дәрігерлерге еңбекақы төлеуді 30 пайыз, орта медицина қызметкерлеріне – 20 пайыз арттыру көзделген», - деді министр.

 

Айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінде білім беетін 91 медициналық колледж, 15 жоғары оқу орны, 14 ұлттық орталық пен ғылыми-зерттеу институты бар.

 

«Медциналық саладағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 30 пайыз, гранттардың құны 43 пайыз артты. Аса тапшы мамандықтар бойынша гранттар саны өсті. Осы жылдан бастап медицина, педиатрия және стоматология мамандықтары бойынша үздіксіз интегерацияланған білім беру жүйесі енгізілуде», - деді Ажар Ғиният.