Жаңалықтар

"Мектеп әкімшілігімен келісілмеген": Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды

  • "Мектеп әкімшілігімен келісілмеген": Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 29 мамырда Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Өкінішке қарай, экскурсияға барғандардың арасында Алматы қаласындағы №199 гимназияның 8 оқушысы болған. Олармен бірге оқушылардың 5 ата-анасы және 3 мұғалім болды.

 
Оқиға салдарынан бір оқушы және пән мұғалімі қайтыс болған. Оқиға орнында болған тағы бір оқушы іздестіріліп, ол табылды және ауруханаға жіберілді. Балалар мен зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек берілуде.

“Экскурсия каникул уақытында болғандықтан мектеп әкімшілігімен келісілмеген. Білім басқармасы оқиғаның мән-жайын толық зерттеуде. Қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығуын тілейміз. Құрметті ата-аналар,  сіздерге каникул кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске саламыз!”, – деді басқармада.




Көрілген: 443    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.05.2021, 19:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31