Жаңалықтар

Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі

  • Мектеп бағдарламасына

    Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі

 Алдағы уақытта мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясы енгізіледі. Қазір ол дайындалып жатыр.
Бұл туралы жақында ашылған "Abai tv" телеарнасының "Сарасөз" бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Мұнан өзге, Абайдың ғылыми-зертеу орталығы ашылмақ.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгерінің 175 жылдығын дүркіретіп тойлау жоспарда бар еді. Алайда эпидемиологиялық ахуалға орай мерейтойды өткізу мүмкін болмады. Карантин салдарынан халық қатысуы тиіс шаралар қысқарғанымен, тойдың мазмұнды өтуіне кедергі емес.

Ең негізгі мәселе, Абайдың шығармаларын дүниежүзіндегі өркениетті елдердің 10 тіліне аударып шығардық. Абайтану оқулығы мен хрестоматиясы дайындалып жатыр. ЖОО-ның филология, тарих факультеттеріне міндетті түрде енеді. ЕҰУ-да Абай академиясының ғылыми-зерттеу институтын құрдық. Өйткені, абайтанумен айналысатын ғылыми орталықтар көп. Бірақ бір жүйеге келмеген. Бір жерде болсын деп Абай академиясының ғылыми-зертту институтын құрғанымыз сол, – дейді ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде Абайдың арнайы орталықтары ашылады. Елімізде де бұл жұмыс бір жүйеге келіп, ғылыми-зерттеу институты құрылды.

 

baq.kz




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2020, 23:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31