Жаңалықтар

Мектеп бағдарламасына «Адалдық әліппесі» деген пән енгізілуі мүмкін

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Мектеп бағдарламасына «Адалдық әліппесі» енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Парасаттылық идеологиясын насихаттауда үздіксіз кешенді білім беру маңызды. Біз қазіргі таңда Білім министрлігімен негізгі мектеп пәндерінің бағдарламасына парасаттылық идеологиясын енгізуді пысықтадық. Осы ретте «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлінің «Адалдық әліппесін» әзірлеу туралы бастамасы назар аударуға тұрарлық. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, бұл қадам балаларды ерте жастан адал өмір сүруге баулуға ықпал етеді», - деді Алик Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында.

 

Сонымен қатар ол азаматтарды мемлекеттік органдардың қызметіне тарту институттары мен тетіктерін нығайту маңызды міндет екендігін баса айтты.

 

«Агенттікте қоғам өкілдері барлық аппараттық кеңестерге, кадрлық және мемлекеттік сатып алу бойынша комиссияларға қатысады, бұл біздің қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл барлық мемлекеттік аппаратқа тән болуы керек. Мемлекет басшысы айтқандай, азаматтар &ndash біздің басты тұтынушыларымыз, сондықтан біз қызметімізді қоғамнан жасырмауымыз керек. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің тәжірибесіне әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, конкурстық кадр комиссияларының онлайн-трансляциясын енгізу ұсынылады», - деді ол.

 

 




Көрілген: 548    Пікірлер: 0

жұма, 29.01.2021, 12:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30